Алматыдағы жер сілкінісі: таудан түсірілген кадрлар

Алматыда түнде болған жер сілкінісі видеоға түсіп қалды. Желіде тауда орнатылған камераның жазбасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір минуттан аса уақытқа созылған бейнежазбадан қаланы сілкіндірген жер асты дүмпулері көрінеді. Бұл ретте кейбір аймақтарда жарық өшкені байқалады.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Арада 49 минуттай уақыт өткенде алматылықтар жаңа жер асты дүмпуін сезді. Бірақ ол алдыңғысына қарағанда әлсіз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!