Алматы тауларында қар көшкіні жүрді: ТЖД трғындарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы ТЖД Фото: Алматы ТЖД

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 сәуірде "Қазселденқорғау" диспетчерлері Медеу ауданындағы (Альпі лагері аймағы) қар көшкіні жүретін жерлерде көлемі 4000 текше метр қар көшкіні болғанын хабарлады. Қар массасы өзен арнасында тоқтаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Қазгидромет" синоптиктеріне Алматының Үлкен және Кіші өзендері бассейндерінде жауын-шашынның көп түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүру қаупі сақталып отырғаны туралы №17 ескерту келіп түсті", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Төтенше жағдайлар департаменті өңірде қар көшкіні қаупі әлі сақталып отырғанын еске салады. Құтқарушылар қар көшкінін тудырмас үшін азаматтардан таулы аймақтарға баруды шектеуді және қарлы беткейлерге шықпауды сұрайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная