Қазақстандық қызға даладан гүл тергені үшін миллиондаған теңге айыппұл салынуы мүмкін

Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғынына гүл тергені үшін бірнеше миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Қызыл кітапқа енген және заңмен қорғалған қызғалдақты терген студентті анықтаған.

Қыз құрып кету қаупі төніп тұрған Грейг қызғалдақтарын теріп жатқанын видеоға түсірген. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

"Ол Ұялыжар ауылдық округінде орналасқан далада Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, видеоға түсіріп, өз парақшасына жариялады. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдік түрлерін алу дерегі полиция бөлімінде тіркелген. Барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді баспасөз қызметі.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жойғаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны атап өтілді.

Түркістан облысы ПД

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!