1 сәуірден бастап қазақстандықтар Қазанға тікелей ұша алады

Ақтөбеден Қазанға әуеқатынасы жаңартылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

QAZAQ AIR әуекомпаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап "Ақтөбе-Қазан" бағытындағы рейс қайта жанданады.

Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт көрсетілген):

IQ 507 Ақтөбе 17:00–Қазан 16:40

IQ 508 Қазан 17:40 – Ақтөбе 21:20

Сондай-ақ келесі қалалардан транзиттік маршруттар қарастырылған:

Астана -Ақтөбе - Қазан

Атырау – Ақтөбе - Қазан

"Тұрақты рейстерді іске қосу Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру, туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастық саласын дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Билеттерді бүгіннен бастап әуекомпанияның www.flyqazaq.com ресми сайтынан сатып алуға болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!