Мас адам ұшақта жанжал шығарып, жолаушыны сүймек болды

EasyJet әуекомпаниясының мас жолаушысы ұшақта жанжал шығарды. Оқыс оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

6 ақпанда Глазгодан Лиссабонға қарай бағыт алған рейсте штаттан тыс жағдай болды. Ұлыбританиялық жол бойы алкогольді ішімдік ішкен. Масая бастаған ол айналасындағыларға дөрекілік таныта бастады. Содан кейін ол артқы жағында отырған адамға бұрылып, қолын созады. Жолаушы қолын алудан бас тартқан кезде, оған тарпа бас салып, ернінен сүймек болды. Жолаушы мас адамды итеріп жіберді. Мұндайды күтпеген ұлыбританиялық айқайға басып, жұдырық ала жөнеледі.

Рейстегі өзге жолаушылар мен экипаж мүшелері оны 35 минут ұстап тұруға мәжбүр болды. Ұшақ қонғаннан кейін Португалия полициясы бортқа көтерілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!