Ыстамбұлда такси мен қоғамдық көлікпен жүру ақысы бір жарым есе өскен

Ыстамбұлда такси мен қоғамдық көлікпен жүру құны бір жарым есе өсті, енді таксиде жүрудің ең төменгі бағасы 70 лирадан (1 165 теңге) басталады, бұрындары небары 40 лира болатын. Осы мәселені көтеру үшін такси жүргізушілері ереуілге шыққан еді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі NTV арнасына сілтеме жасап.

Ереуілге шыққандардың талабы орындалып, тариф 51,52 пайызға өсті. Таксиге отырған кезде таксометрде 19 лира соммасы шығады, ал ең төменгі баға 70 лира болады. Әрбір шақырым бағасы 12,8 лира болды.

Автобус пен метрода жүру билеті 15 лирадан (250 теңге) 22 лираға (366 теңге) өсті, алайда бұл ең ұзақ жолға төленетін қаражат болмақ.

Алайда Ыстамбұлдың такси жүргізушілер палатасының басшысы Эйюп Аксудың айтуынша, жүргізушілер мұндай өсімге келіспейді және тарифтердің тағы өсуін талап ететін болады екен.

Ыстамбұлда такси мәселесі ушығып тұрған тақырыптардың бірі. Кейбір такси жүргізушілері бірінші кезекте туристердің қалтасын қағуды ойлап, таксометрді қоспай көп ақы сұрайтын көрінеді және жақын жерлерге жүруден бас тартады-мыс.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!