Тайландта пілге мінбеңіз: оның үш себебі бар

Таиландта пілмен экскурсиялар кез келген жерде сатылады: елдің туристік аймақтарындағы піл фермаларында 3000-нан астам алып жануарлар жұмыс істейді, олар келушілерді джунгли арқылы алып жүреді, шоуларға қатысады. Kaztengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі бір қарағанда еш зиянсыз болып көрінетін бұл ойын-сауықтың астарында не жатқанын егжей-тегжейлі баяндайды.

Жануарларға аса қатыгездік таныту

Таиландқа келушілер пілмен серуендейтін экскурсияны сатып алу арқылы қатыгездікке қолдау көрсетеді деп айтуға болады. Пілдерді қолға үйрету ерте кезден басталады, оларды ата-анасынан айырып алып кетеді. Жануарларды кейде джунглиде аулайды, пілдер өз балаларына көмекке асығып жанталасқанда, көбінесе оларды өлтіріп немесе жазым етеді.

Толық мойынсындыру үшін жануарды бірнеше апта қинап, қысым көрсетеді. Пілдерді тар шұңқырға немесе торға қамайды, олардың аяқтарын байлап, қарсылық танытпайтын халге жеткенше сабайды.

Серуендеу кезінде ең аяусыз әдістер қолданылады: пілді басқару үшін оны ұшында өткір темір ілгегі бар таяқтармен ұрады, көп жануарлардың басында тыртықтар көп. Сондай-ақ, олар туристерге байқаусызда зиян келтірмеу үшін тістерін де егеп тастайды.

Жарақаттар

Піл - арқасына мініп жүретін жануар емес, оның сүйегі күн сайын адамдарды тасымалдауға арналмаған. Сіз тек 15 жастағы пілдерге міне аласыз, әйтпесе олардың омыртқасын ауыр жарақаттауыңыз мүмкін. Сонымен қатар, пілдің арқасына бекітілген орындық та терісін жаралап, оларға инфекция түсіреді.

Пілдер ең жоғары жұмыс өнімділігіне тек 25 жаста жетеді, бірақ көптеген піл фермаларында олар бала кезінен көп жұмыс істеуге тура келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Moving Animals (@moving.animals)

Адамдарға төнетін қауіп

Зерттеушілер қатыгездік пен ауыр жұмыс жүйке жүйесінің ауыр бұзылуына әкеледі деп санайды. Бұл пілдің мінез-құлқы күтпеген жерден қауіпті болып, кез келген сәтте басқарылмайтын және агрессивті жануарға айналуы мүмкін дегенді білдіреді. Тіпті піл серуен кезінде туристі күтпеген жерден лақтырып жіберіп, таптап кеткен жағдайлар да бар.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.