Вьетнам туризмді 2021 жылдың соңында қайта қолға алады

Вьетнам билігінің мәліметінше, елде коронавирустың төртінші толқыны болады және осы жылдың үшінші тоқсанында халықаралық туризмді қайта бастау жоспарын жүзеге асыру мүмкін емес, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Вьетнамда қазір ковидтің пандемия басталғаннан бергі ең қиын жағдайына тап болып отыр. 15 мамырда тәулігіне 169 жағдай тіркелді. Ал 30 мыңға жуық адам оқшауланды.

Билік вирус жұқтырғандар санының өршуі елге оралған вьетнамдық гастарбайтерлерге, сондай-ақ заңсыз көші-қонға байланысты деп санайды. Осыған орай мемлекетте Қытай, Лаос, Камбоджамен шекараларда бақылау шаралары күшейтіліп, карантинде болу мерзімі үш аптаға дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, коронавирустың таралуын болдырмау үшін кейбір жағажай мен туристік орын жабылды. Ханой мен Куангниндегі жағажайлар кем дегенде 23 мамырға дейін жұмыс істемейді. Да Нанг пен Хойандағы жағажайлар қай күнге дейін жабылғаны белгісіз.

Вьетнам сонымен қатар Оңтүстік Корея, Таиланд, Тайвань, Малайзия және Сингапурмен "туристік көпіршік" құру туралы келіссөздерді тоқтатты.

Vietnam Tourism Advisory Board (TAB) хатшылығының басшысы Чинь Хоанг Нян (Chinh Hoang Nhan) БАҚ өкілдерімен әңгімелесу барысында оның ұйымы Үкіметтің шешімдерін қолдайтынын және экономикалық пайда үшін азаматтардың денсаулығына қауіп төндірмеу дұрыс деп санайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, Вьетнам ковидке қарсы вакцина келушілер үшін шекараны ашуға жеткілікті себеп емес екеніне сенімді, өйткені ДДҰ вакцинацияланған адамдар инфекцияны көтере алмайтыны туралы әлі ешқандай дәлел жоқ деген пікірмен келіседі.

Биліктің бағалауы бойынша, егер профилактикалық шектеулер алынып, эпидемиологиялық жағдай жақсарса, халықаралық туризмді қайта бастау осы жылдың соңына қарай қолға алынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!