Үйден шықпай саяхаттау. Америкалық жігіт каютаны 12 жылға жалдаған

Әуежайда рейсті күтіп отырмас үшін, ұшақта бос уақыт өткізбеу үшін алайда саяхаттан бас тартпау үшін америкалық Остин Уэллс тамаша шешім тапқан - үйден шықпай саяхаттау, - деп хабарлайды New York Post.

28 жастағы Остину Уэллс Meta компаниясында қашықтан жұмыс істейді. Жігіт саяхаттағанды ұнатады, алайда ұзақ ұшуларды және күнделікті жұмыстарын кейінге қалдырғанды ұнатпайды. Ол арбаны сындырмай, өгізді өлтірмеудің ерекше шешімін тауып, құрастырылып жатқан круиз лайнерінің каютасын 12 жылға жалдаған. Осылайша, ол үнемі саяхаттай алады.

Ер адам мұхитта жүзетін MV Narrative лайнерінің 22 шаршы метрді 12 жылға жалдау үшін 300 мың доллар (138,5 миллион теңге) төлеген.

"Мен саяхаттаудың ескі моделінен шықтым: заттарыңды жинап, ұшақпен ұшып, пәтер жалдау... Енді менің пәтерім, спортзал, сүйікті азық-түлік дүкенім және дәрігерлердің өзі менімен әлемге саяхаттайды", - деді Уэллс.

Круиз лайнерінде жеке асхана, коворкинг, фермерлік сауда, сондай-ақ медициналық қызмет алуға және тәулік бойы номерге қызмет көрсетіледі.