Aviata.kz сервисінде енді чартерлік рейске билет алуға болады

Aviata.kz сервисінде чартерлік рейстердің билеттері пайда болды және шетелдегі демалыс бір табан жақындап, қолжетімді бола түсті!

"Чертерлік рейстер" дегеніміз не және олардың тұрақты рейстерден айырмашылығы қандай? Бұл тұрақсыз тікелей рейстер. Басқа рейстерге қарағанда, чартерде тұрақты кесте болмайды. Оларды туроператорлар белгілі бір топтық турлар шеңберінде танымал бағыттар бойынша ұйымдастырады. Негізінен чартерлер әдеттегі рейстерде тікелей бағыт жоқ жерге тікелей ұша алады.

Көбінесе чартерлер тұрақты рейстерге қарағанда әлдеқайда арзан, әсіресе ұшу күніне таяған сайын үнемді болады. Әдетте мұндай билеттер турдың бір бөлігі ретінде сатып алынады, бірақ олар ұшу күніне дейін толық сатылмайды, сондықтан оларды бөлек сатып алуға болады. Енді Авиатада Шарм-эль-Шейхке, Антальяға, Дубайға, Пхукетке және басқа бағыттарға чартерлік рейстерге билеттер сатып алуға болады.

Бірақ чартерлік рейс билетін таңдағанда мынаған назар аудару керек: біріншіден, мұндай билеттерді қайтару және айырбастау мүмкін емес, сондықтан ұшу немесе келу күндерін өзгерту арқылы демалыс кезеңін түзету мүмкін болмайды. Екіншіден, маршруттық түбіртек бірден келмеуі мүмкін, бірақ ұшуға 1-3 күн қалғанда, ал электрондық билет нөмірі рейс ұшқанға дейін 24 сағат ішінде қалыптастырылады. Сондай-ақ, чартерлік рейстерде онлайн тіркелу мүмкін болмауы мүмкін екенін ескеріңіз - бұл жағдайда әуежайда тіркелуге уақыт бөлген дұрыс.

Чартерлік рейстерге билеттер төмендегі суреттегідей Авиата қосымшасында және сайтында көк жазумен белгіленген.

Авиата қосымшасын жүктеңіз не сайтқа өтіңіз және чартерлік рейстерді тиімді бағаға сатып алыңыз!