"Ұшу кезінде есік ашылып кетті": музыканттар отырған ұшақ апатты жағдайда қонды

Бразилиялық топтың сапары сәл болмағанда қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Олардың ұшағы әуеге көтерілген бетте лайнердің есігі ашылып кеткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі NewYorkPost баслымына сілтеме жасап.

Оқиға 30 минуттан соң ұшақтың Сан-Луистан Сальвадорға ұшып шыққан ұшақтың бортында болған. Бортта бразилиялық әнші әрі әндердің авторы Тьерридің тобы болған. Музыканттар сәтті аяқталған концерттен үйлеріне қайтып келе жатқан. NewYorkPost мәліметінше, ұшақта басты әнші болмаған, өйткені ол топтан бөлек ерте ұшып кеткен.

Барлығын таңғалдырғаны фюзеляж ашылып кеткен. Ең жақын отырған барабанда ойнайтын жігіт барлығын видеоға түсірген. Оқиғаның видеосы Желіде тарады. Видеодан есіктің айқара ашық тұрғанына қарамастан, музыканттардың шімірікпей отырғанын байқауға болады.

Ұшқыш дереу лайнерді кері бұрып Сан-Луис қаласындағы Уго да Кунья Мачадо әуежайына апатты жағдайда қонған. Ұшақ жерге сәтті қонғаннан кейін бортқа дәрігерлер кіріп барлығын тексерген. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Топ қонақүйге оралған, ал билік өкілдері тергеу бастаған. Есіктің неліктен ашылып кеткені әзірге белгісіз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!