"Барлығын өлтіремін": Оңтүстік Кореяға ұшқан ұшақтың жолаушысы есікті ашпақ болған

19 маусымда Jeju Air әуекомпаниясы ұшағының жолаушысы филиппиндік Себу қаласынан оңтүстіккореялық Инчхон шаһарына ұшу кезінде есікті ашпақ болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.

Әуекомпания мәліметінше, әуеге көтерілгеннен кейін бір сағат өткенде 180 адамы бар Boeing 737 ұшағының жолаушысы өзін біртүрлі ұстап, стюардессаларға кеуде тұсында қысымға шағым білдірген.

Экипаж мүшелері оған шалқаятын орынға ауысуды ұсынған, алайда ер адам борттан шығатын есікке жүгіріп, ашпақ болған. Сонымен қатар куәгерлер оның былай айғайлағанын естіген: "Мен есікті ашып, барлығын өлтіремін".

Бортсеріктер мен басқа да жолаушылар оны ұстап қалған. Рейс ары қарай тағы үш сағат ұшып, діттеген жерге жеткенде қаскөйді полицияға тапсырған.

Оның әрекетінен бортта ешкім зардап шеккен жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!