Ұшқыш жолаушыларды ұшақтан өз еркімен түсіп қалуын сұраған

Испанияның Арресифе қаласынан Ливерпульге бет алған EasyJet компаниясына тиесілі ұшақ жолаушыларын өз бетінше салоннан шығуын сұраған. Себебі лайнер артық салмаққа байланысты әуеге көтеріле алмай қалыпты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The ECHO сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, лайнер ұшу керек болған күні ауа райы қолайсыз болған, атап айтқанда жел күшейіпті. Жолаушылар орындарына жайғасып, ұшуға дайындалып отырғанда оларға ұшқыш келіп, қатты желден ұшақ мұнша салмақтпен әуеге көтеріле алмайтынын айтыпты.

Жолаушылар өмірі маңызды болғандықтан бұл жағдайдағы жалғыз шешім ұшақты жеңілдету болған екен. Осыған байланысты өз еркімен ұшақтан түсетін жолаушыларға 500 еуро өтемақы беріліп, олар келесі рейспен ұша алатынын айтылған. Салоннан 20 адам түсу қажет болған екен. Бастапқыда ешкім келіспеген, алайда біраз уақыт өте ақыры 19 адам ұшақтан түсіп қалыпты, осыған байланысты рейс 3 сағатқа кешіккен.

EasyJet компаниясының өкілі ұшақ капитанының ұсынысы орынды болған деген пікір білдірді. Өйткені мұндай салмақ шектеулері барлық әуе компанияларына бірдей қолданылады. Ал өз еркімен рейстен түскендер әуе компаниясынан өтемақы алады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!