Ну орманның ортасындағы бүтін кеменің сыры қандай?

Тайландтың оңтүстігіндегі Ко Чанг аралының ну орманында нағыз круиз лайнері тұр. Бүгінде 7 палубалық кеме қараусыз қалған, ал бір кездері көптеген турист үшін арман болған еді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Кеменің бұл жерге қашан қойылғанын дөп басып айту қиын. Алайда ол қонақүй ретінде ұзақ жұмыс істемеді. Оны белгісіз себептермен жауып тастаған.

Оны осынша еңбектен кейін неге жауып тастағанына қатысты бірнеше тұжырым бар. Олардың шындыққа көбірек жанасатыны өзгеше қонақүй иесі лицензияға қолжеткізе алмай, бизнесті заңдастырмапты. Осылайша, ол қонақүйді көп ұзамай-ақ жабу керек болды.

Ал екінші бір аңыз мистикалық сипатқа ие. Жергілікті халық арасында бұл "елес кеме" деген қауесет тарап, оны тыныштық таппаған әруақтар кезіп жүреді және энергетикасы жаман деген сыбыстар жайылып кетті.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.