Нұрсұлтан шыңының атауы өзгергені рас па?

Алматы Альпинизм федерациясы Нұрсұлтан шыңы атауы өзгергеніне қатысты ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Нұрсұлтан шыңы ескі атауына - Алматы шыңы деп өзгертілгені туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда федерация бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

"Құрметті достар, биыл 8-9 шілдеде Алматы альпинизм федерациясы Іле Алатауының бір шыңында - қаланың визит картасы Алматы шыңында Альпиниада өткізді, ол Комсомол шыңы (1935-1997 жылдары), Нұрсұлтан шыңы (1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін) деп те аталады. Әртүрлі дереккөздерде шың үш атаумен аталады. Бұл ретте Алматы шыңы, мұрағаттық деректерге сәйкес, шыңның тарихи бірінші атауы (1935 жылға дейін).

Федерация құзыретіне географиялық нысандар атауын өзгерту кірмейді. Алайда, федерацияның веб-сайтындағы техникалық қатеге байланысты, деректерді тексермей, бұқаралық ақпарат құралдары шыңның атауы өзгертілгені туралы ақпарат таратты. Салдарынан шатасу пайда болды. Қазіргі уақытта географиялық нысандардың ресми тізіміне сәйкес бұл шың Нұрсұлтан шыңы деп аталады", - деді Альпинизм федерациясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!