Ұшақ апаты кезінде ұшқыштың өлімі полицияны тығырыққа тіреді

АҚШ-та ұшқыш жеңіл моторлы ұшақтың құлауынан қайтыс болды. Әуе кемесі жерге құламай тұрып, ұшқын одан секірді. Бұл туралы New York Post жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, Солтүстік Каролинадан келген 23 жастағы Чарльз Хью Крукс әуе кемесінде екінші ұшқышпен бірге болған. Ер адамның денесі апат орнынан 30 миль (48 шақырым) жерде табылды. Онда парашют болған жоқ. Ол 1000 метр биіктіктен құлады деп болжанады. Екінші ұшқыш жеңіл жарақат алды.

Жас жігіттің өлімі жергілікті полицияны тығырыққа тіреді. Уэйк округінің Төтенше жағдайлар басқармасының жедел бөлімінің бастығы Даршан Пател ешқашан мұндай жағдайды кездестірмегенін және бұл оқиғаны жұмбақ жағдайда болған "ерекше" трагедия деп атады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, Крукстың ұшақтан қалай шыққаны әлі белгісіз. Полиция қылмыстық іс қозғау мүмкіндігін де жоққа шығарған жоқ.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!