Үш мемлекет Ұлыбританиямен әуебайланысын жандандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Үш мемлекет Ұлыбританиямен әуебайланысын жандандыру шешімін қабылдады, олар осыған дейін коронавирустың жаңа штамына байланысты осы елмен әуебайланысын уақытша тоқтатқан еді.


Иконка комментария блок соц сети

Үш мемлекет Ұлыбританиямен әуебайланысын жандандыру шешімін қабылдады, олар осыған дейін коронавирустың жаңа штамына байланысты осы елмен әуебайланысын уақытша тоқтатқан еді.

Осылайша, 2 қаңтардан бастап Латвия Ұлыбританиямен рейстерді жандандырды. Сондай-ақ сол күннен бері Норвегияда екі ел арасындағы шектеулерді алып тастайды, бірақ үкімет шекара асып келген барлық адамдар коронавирусқа тест тапсыруға міндеттеледі. Келесі аптада, 8 қаңтарда, Үндістан осы елге рейстерді ашады.

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд тіркелді

Қыркүйекте Ұлыбританияда алғаш рет коронавирустың қауіпті мутациясы анықталған еді, ол желтоқсанда белсенді тарай бастады. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жаңа штамның 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін екенін айтты. Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа типі Ұлыбританиядан басқа кемінде 17 елден анықталған. 50-ден аса ел корольдікпен әуебайланысын тоқтатты. 

Лондонда коронавирустың тез тарап жатқан жаңа түріне байланысты локдаун енгізіледі

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная