Үндістанда ТМД елінен келген туристі тұншықтырып кеткен

Үндістанның Бангалор қаласындағы қонақүйде Өзбекстаннан келген туристің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Times Now сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметіне сәйкес ТМД елінен келген Зарина есімді саяхатшы 5 наурызда қонақүйге орналасқан.

13 наурыз күні, сәрсенбіде қонақүй қызметкерлері әйелмен байланысқа шыға алмаған. Бөлмеге кіру үшін қызметкерлеп қосалқы кілтті пайдалануға мәжбүр болады. Олар бөлмеден әйелдің жансыз денесін тапты.

Полицейлер туристің бөлмесін 16 наурызға дейін Рахул Кумар есімді азаматтың брондағанын анықтады. Тәртіп сақшылары туриске соңғы уақытта кім келгенін білу үшін қауіпсіздік камераларының жазбалары мен қонақтардың тізімін тексеріп шықты. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!