Қызына ұсыныс жасаған турист қонақүй балконынан құлап кеткен

Күйзеліске ұшыраған турист Грекиядағы демалысы кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасаған. Алайда бірнеше сағаттан кейін қонақүйдің балконынан құлап, қаза болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Корфу аралында болған. 45 жастағы ер адам мас күйінде қалыңдығымен бірге қонақүй бөлмесіне кірген.

Турист әлеуметтік желілер арқылы жақындарына жақсы жаңалығын айтып берген. Бірақ бір сағаттан кейін балконнан құлап кеткен.

Тергеу барысында туристің күйзеліске ұшырағаны анықталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!