Альпинист қауіпті хоббиі үшін жауапкершілікке тартылды

Альпинист Сибе Ванхи командасының Патагониядағы жартаста қалай ұйықтап жатқаны бейнеленген видеоны жариялаймын деп басы дауға қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Роликтің авторы, Бельгиядан келген 32 жастағы кәсіби альпинист Сибе Ванхи Чилидегі Торрес-дель-Пейн ұлттық саябағындағы ерекше кадрларымен бөлісті. "Патагониядағы біздің 5 жұлдызды қонақүйіміз" деген жазбамен жарияланған видео желіде тез таралып кетіп, 17 миллионнан аса қаралым жинады.

Арнайы камерамен түсірілген видеодан таудың шыңындағы керемет көріністі және жартаста "ілулі" тұрған шатырларды көруге болады. Бұл ретте желі пайдаланушыларының пікірлері екіге бөлінді: кейбіреулері альпинистердің ерік-жігері мен батылдығына таңданысын білдірсе, ал басқалары мұндай экстремалды әрекеттің мәнін түсінбей, оны қауіпті деп санайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Siebe Vanhee - El Vikingo (@siebevanhee)

"Кешірерсіз, бұл әлемдегі ең ақымақ қадам деп санаймын. Эвереске көтерілгеннен кейін – мынау мүлдем ақымақтық болды", "Бұл шынымен де ақымақтық. Бұл адамның батылдығын көрсетпейді", "Мен мұндай әрекеттің себебін ешқашан түсінбей кететін шығармын", - деп жазды қауіпті хоббиді айыптаған оқырмандар.

Бірақ Сибе Ванхидің батылдығына таңданғандар да аз болмады.

"Мұны кім істеп жатқанын түсінбегендей, барлығы жағымсыз пікір білдіріп жатыр. Өзім керісінше, оның мұндай қадамға баруға батылы жеткеніне қуаныштымын. Мен болсам, дірілдеп кетер едім", "Неге жағымсыз пікір көп? Ол сізге мұны істе деп үгіттеп отырған жоқ. Менің ойымша, бұл өте таңғаларлық және батыл қадам. Адамдар басқалардың не ойлайтынына мән бермей, оларды бақытты ететін нәрселерді жасауы керек", - деп жазды желі пайдаланушылары.

Айта кетейік, 32 жастағы бельгиялық альпинист әріптестерімен бірге Торрес-дель-Пейн массивінің орталық гранит мұнарасының шығыс жағындағы Riders on the Storm бағытын бағындырған. Аталмыш бағыт Патагониядағы ең танымал және қиын бағыттардың бірі саналады. Ванхи және оның командасы алғаш көтерілгенде арнайы құралдарды пайдаланбаған деседі. Сибе Ванхидің альпинистік тәжірибесі 14 жылдан асады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!