Ұлттық паркте гризли аю ерлі-зайыптыны талап тастаған

Канаданың Альберта провинциясында Банф атты ұлттық паркте гризли аю екі туристі талап өлтірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CBC арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 30 қыркүйекте құтқарушыларға Сандре елді-мекеніне жақын маңда аюдың шабуылы туралы хабар жеткен. Алайда олар діттеген жерге тек 1 қазанда түнгі уақытта жеткен.

Оқиға орнынан мәйіттер табылған. Олардың иті де өлі табылған. Жыртқыш аю жақын маңда жүрген. Қауіпсіздік мақсатында аюдың көзі жойылған.

Қаза тапқандар күйеуі мен әйелі - олар табиғат аясында демалғанды ұнатады екен. "Бұл жағдай олардың отбасы үшін ауыр тиді. Сұмдық жағдай", - дейді марқұмдардың танысы.

Гризлидің адамдарға шабуылы сирек кездеседі екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!