Турист Нью-Йорк полициясы мен бандиттердің қақтығысынан зардап шекті

Ұлыбританиялық турист Нью-Йорк полициясы мен бандиттердің атысқан сәтінде дәл оқиғаның ортасында болып, ауруханадан бір-ақ шыққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The York Press басылымына сілтеме жасап.

41 жастағы Кэмерон Робертсон АҚШ-қа жарымен бірге сүйікті рок-тобының концертіне келген. Ол жұбайымен Бруклинде келе жатқанда атыс басталған.

"Жарым айғайлаған дауыстар естіді, сөйтіп біз гастрономға кірдік. Сол кезде ғана маған оқ тигенін аңғардым. Ауырсынғанына қарамастан, әйелім жарақат орнына басып тұрған уақытта тыныс алуымды реттедім", - дейді ұлыбританиялық.

Оқиға орнына полицейлер келген, олар Робертсонның жарақатын қарап, қан кетпесі үшін тартып тастаған. Кейінірек туристі дәрігерлерге тапсырып, ауруханаға жеткізген. Оқ Робертсонның қолына тиіп, тесіп өткен. Екінші оқ белінде тұрып қалған.

Ер адамның айтуынша, мұндай жағдайдан аман қалғаны - жолының болғаны деп есептейді. Ал әйелі атыстан шок алып, оқиға салдарынан психологиялық емделуден өтіп жүр екен. Отбасыны тағы бір таңғалдырғаны - емдеу шараларына жұмсалған қаражат. Олар 16,5 мың доллар берген, алайда оны сақтандыру арқылы өндіріп алмақ.

"Сол ауданда атыс-шабыстар көбейген, бәлкім олар полицейді көздеген болуы мүмкін, біз болсақ сәтсіз уақытта, сәтсіз жерде тұрыппыз", - дейді турист.

Нью-Йорк полициясы, ер адамға оқ атқан бандитті іздестіріп жатыр, ол бейнебақылау камераларына түсіп қалған екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!