Түркияда 5 жұлдызды қонақүйде 73 турист уланып қалды

Түркияның танымал курорттық қаласының 5 жұлдызды қонақүйінде 73 турист демалу кезінде уланған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жаппай улану оқиғасы туралы Түркия БАҚ жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға Ыстамбұл мен Анкара арасында орналасқан тау шаңғы курортында болды. Туристер Koru қонақүйінде уланды. Кешкі астан кейін бірден 60 студент өздерін нашар сезінгені анықталды. Олар іштің ауыруы, диарея және құсу туралы шағымданды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер "тамақтан улану"диагнозын қойды. Таңертең стационарлық емдеуді қажет ететін саяхатшылар саны 73-ке жетті.

Провинцияның ауылшаруашылық бөлімінің қызметкерлері қонақүйден тамақ пен су сынамаларын алды. Сараптама нәтижелері туралы әзірге хабарланған жоқ. Бір күннен кейін кейбір науқас ауруханадан шығарылды. Қалғандары емделіп жатыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!