Туристер Мальдив аралдарына жаппай ағылып жатыр

2021 жылдың бастапқы үш күнінде осы бір жұмақ мекенге барған туристер саны 10 360 адамға жетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы жергілікті Raajje.mv интернет басылымына сілтеме жасап. 

Осылайша, 1 қаңтарда Мальдив Республикасына 2,5 мың турист келген. Ал содан кейінгі екі күнде келушілер саны еселенген: 2 қаңтар - 4 160 адам, 3 қаңтар - 4 195 адам. Сонымен қатар, желтоқсанда демалушылар саны 96 225 адамға жеткен. Бұл 15 шілдеде Мальдив шекарасы ашылғаннан кейін қарашаның соңына дейін келген туристер санынан 20 мыңға көп. 

Негізінен келушілер - Ресей, Украина, Үндістан, Қазақстан және Ұлыбританиядан. Ресейден 3 226 турист, Екінші орында Украина (979), үшінші орында - Үндістан (778). Алайда үнділер 2020 жылдың көрсеткіші бойынша алға шыққан - 62 905 адам. Басты себеп аралдардың осы елге жақын орналасуы. 

Үш күнде осыншама туристің келуіне байланысты елдегі туризм министрі Абдулла Маусум Twitter желісінде алғыс білдіріп, туристік сектордың қайта қалпына келетінін болжады. Сондай-ақ, ол 2021 жыл көп үміт күттіретін жыл болатынын айтты. 

Айта кетейік, "Эйр Астана" мен Sunday Airlines Алматы - Мале алғашқы тікелей рейстерін (желтоқсанның 5 және 29-ы) іске қосқан еді. Туристер екіапталық карантинде болмайды және визаны күтіп жатпайды. Оны әуежайға келісімен 30 күнге алуға болады және бұл тегін. Алайда әрбір турист осы елге келгенде қолында теріс ПТР-тест нәтижесі болуы тиіс және ол ағылшын тілінде болуы міндеттеледі. 

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.