Әуекомпаниялар Қазақстаннан Мальдивке тікелей рейстер ашады

Қазақстандық әуекомпаниялар Қазақстаннан Мальдивке тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге ендігіде ұшу уақыты айтарлықтай қысқаруы мүмкін екенін хабарлайды. 

"Эйр Астана" мен Sunday Airlines сәйкесінше 5 және 29 желтоқсанда Алматы - Мале алғашқы тікелей рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр. Жолаушыларды ұзақ магистральдарға арналған Airbus А321LR ("Эйр Астана") және Boeing 757 (Sunday Airlines) ұшақтары тасымалдайды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан - Мале тікелей рейстері ашылады деген үміт бар. Рейстер аптасына екі рет - сәрсенбі мен сенбі күндері ("Эйр Астана") және сейсенбі мен сәрсенбі күндері (Sunday Airlines) жүзеге асырылады.

Айта кетейік, қазақстандық туроператорлар саяхатшыларды Дубай арқылы Мальдивке тасымалдайтын. Ұшу уақыты шамамен 11 сағат. Әуекомпаниялардың мәліметінше, тікелей рейстер ұшу уақытын екі есе қысқартады.

Мальдив Республикасына кіру үшін Қазақстандықтарда ағылшын тілінде теріс ПТР-тест болуы қажет (тексеру нәтижесінің мерзімі 96 сағаттан аспауы тиіс). Бір жасқа дейінгі балалар анықтамадан босатылады. Бұл ретте келген бойда 14 күндік карантиннен өту талап етілмейді. Виза әуежайға келгеннен кейін тегін беріледі. Визаның жарамдылық мерзімі - оны алған сәттен бастап 30 күн.

Әуекомпаниялар рейстер коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан рұқсат алған кезде ғана орындалатынын атап өтті.

©Shutterstock

Қазақстандықтардың Мальдивке ұша алатындығы туралы редакцияның ИИДМ-ге жолдаған сауалнамасына келген жауапта ресми рұқсаттар, сондай-ақ ұшуға шектеулер жоқ екені айтылған. Алайда, ведомствоның баспасөз қызметі бір ай ішінде жағдай өзгеруі мүмкін және бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімімен рейстер жабылуы мүмкін екені айтылады.

Айта кетейік, турагенттіктер Мальдивке тікелей рейспен турларды сата бастады.

Туроператорлардың бірінің өкілі Қуаныш Байтұрсыновтың айтуынша, Sunday Airlines әуекомпаниясының Алматы - Мале - Алматы рейсімен Мальдивке турлар 29 желтоқсаннан 2021 жылдың 2 ақпанына дейін жоспарланған. 29 желтоқсанда жеті түнге Мальдивке ұшу турлары DBL (екі орынды) бір адамға 622 мың теңгеден басталады. Компаниядағылар жаңажылдық мерекелерден кейінгі турлар арзан болатынын айтады - 2021 жылдың 12 қаңтарында (жеті түнге) бір адамға 486 мың теңгеден басталады.

Турагенттіктердің шамамен есептеулерінше "Эйр Астананың" жақын арадағы рейстеріне ең төменгі бағалар осындай орналастыру кезінде 1 200 - 1 300 доллар (518-560 мың теңге) тұрады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.