Туристер "ластамаған" үздік 10 ел анықталды

Inghams саяхат сарапшылары Исландия, Аустралия және Ирландияны әлемдегі туристер "ластамаған" елдер деп таныды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Unian сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылар тобы Instagram-дағы бүкіл әлем бойынша бағыттар туралы жазбаларды талдап, қайсысы көбінесе "ластанбаған" (unspoilt) деп аталғанын анықтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Visit (@visit)

Исландия әлемдегі ең қауіпсіз және әдемі елдердің бірі ретінде рейтингте көш бастады. Алайда, мұнда да туризм қарқыны өсіп келеді және ол туристік салықты енгізу мүмкіндігі туралы пікірталасқа әкелді. Тізімнің екінші және үшінші орындарында Аустралия мен Ирландия бар, олар өздерінің әртүрлі табиғи ландшафттарымен жақсы таныс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Clare | Take Me To Australia (@takemetoaustralia)

Әлемдегі ең таза 10 елдің тізімі мынадай:

  1. Исландия;
  2. Аустралия;
  3. Ирландия;
  4. Кипр;
  5. Коста-Рика;
  6. Танзания;
  7. Жаңа Зеландия;
  8. Перу;
  9. Грекия;
  10. Грузия.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!