Қазақстанда әуежолаушылар саны артты

Азаматтық авиация комитеті жылды қорытындылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, биыл Қазақстанда 7 миллионнан аса адам ұшқан.

"2023 жылдың 10 айында 11 046 430 жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 23 пайызға артық (8 931 576). 2023 жылы 10 айда ішкі бағыттар бойынша тасымалданған жолаушылар саны 7 535 135 адам, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 19 пайызға артық (6 308 551 адам)", - делінген ААК Telegram-каналында.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 10 айында халықаралық бағыттар бойынша 3 511 295 жолаушы тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 34 пайызға артық (2 623 025)

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!