Турист шетелде Желі арқылы танысқан қызбен кездесемін деп опат болды

Колумбияға қыдырып барған америкалық турист Tinder арқылы жергілікті бір қызбен танысып, кездесуге барған. Алайда бірнеше сағаттан соң оның өлі денесі көшеден табылған, - деп хабарлайды Daily Mail.

Калифорниялық 27 жастағы Пол Нгуен 6 қарашада еңбек демалысына Колумбияның Медельин қаласына барған. Бірнеше күн өткенде ер адам Tinder арқылы жергілікті бір қызбен танысып, оны мейрамханаға шақырған.

Соңғы рет Нгуенді 10 қарашада көрген, ол түнгі екілер шамасында белгісіз әйелмен бардан шыққан. Бірнеше сағат өткен соң туристің денесі көшеден табылған - тергеу нұсқасы бойынша ер адамды есірткіге отырғызып, тонап кеткен. Саяхатшының туыстарының айтуынша, оның өліміне бірнеше адам кінәлі және бейтаныс қыз жәй ғана тұзаққа түсіру үшін қатысқан болуы мүмкін.

Айта кетейік, Нгуен 2022 жылы Медельин қаласында өлтірілген 25-турист екен.