Жолаушылар ұшағы өрт сөндіру көлігімен соқтығысып, өртенді

Перу астанасы Лима қаласының халықаралық әуежайында Airbus A320 жолаушылар ұшағы әуеге көтерілу кезінде өрт сөндігіш көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды жергілікті rpp.pe порталы.

Соққы салдарынан ұшақтың оң жақ бөлігі өртенген. Әуе аппаратты артқы бөлігі жанған күйде біршама жер жүрген. Өрт дереу сөндірілген. Өрт қауіпсіздігінің мамандары оқиға салдарынан өрт сөндіретін көлікте екі қызметкер болғанын және мерт болғанын айтты. Жолаушылар эвакуацияланған, басқа ешкім зардап шекпеген.

Осы оқиғадан кейін Хорхе Чавес атындағы халықаралық әуежай өз жұмысын уақытша тоқтатқан.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!