Турист қыз Түркиядағы отадан кейін қайтыс болды

Жас қыз салмақ тастау отасынан кейін қайтыс болды. The Sun порталының мәліметінше, британиялық 20 жастағы қыз түркиялық клиниканың ота жасау қызметінің арзан болуына қызығып барған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Асқазанды кішірейту отасы 1,2 миллион теңгеге бағаланған, ал Британияда бұл қызмет үшін дәрігерлер бес есе құн сұрайтын көрінеді. Ота жасалып болғаннан кейін үш күн өткенде Морган Мария Рибейро клиникадан шығуға рұқсат алған. Алайда ұшу кезінде оның жағдайы нашарлап, ұшақ Белградқа қонуға мәжбүр болған.

"Стюардесса оған мұз бен су берген, оның тынысы тарылған. Сөйтіп экипаж мүшелері оны ұшақтың алдыңғы бөлігіне отырғызған, онда орындар кең болған", - дейді қызбен бірге барған жігіт.

Сербиялық дәрігерлер түркиялық әріптестерінің қателігін көрсеткен, соның салдарынан инфекция пайда болған. Қыз бала септикалық шок алған. Өкінішке орай дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

@thenewsmovement Morgan Ribeiro had never been abroad before travelling to Turkey for weight loss surgery. On her return to the UK, she was in a lot of pain and struggled to breathe. She died 5 days later. For more information about surgery in Turkey, including the risks, search ‘Noted’ wherever you listen to podcasts. Morgan’s mum has descirbed her as ‘a beautiful girl, inside and out’ #morganribeiro #weightlosssurgery #turkeysurgery #gastricsleeve #gastricband ♬ original sound - The News Movement

Мария Рибейроның анасы қызының ота жасау жоспары туралы білмегенін айтады. Ол тек ұшаққа отырған кезде білген. Енді қыздың отбасы мәйітті Ұлыбританияға жеткізу үшін және жерлеу рәсіміне қаражат жинап жатыр екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!