2024 жылы әлемдегі ең үздік қалалар рейтингі жарияланды

Түрлі рейтингтерді құрастырушы Time Out ұйымы "2024 жылы әлемдегі ең үздік қалалар" рейтингін жариялады, онда бірінші орын Нью-Йорк қаласына бұйырған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Көптеген адамдар өз мекендерін тастап Нью-Йоркке қуана көшуге дайын екен. Екінші орынға Кейптаун жайғасты, оның артынша Берлин, Лондон және Мадрид үздік бестікке орналасты.

Рейтинг мыңдаған қала тұрғындары арасында жаһандық сауалнама нәтижесінде құрастырылды. Онда тағам сапасы мен қолжетімділігі, мәдени және түнгі өмір сараланған. Бұл мәліметтер 100-ден аса авторлар мен Time Out редакторларының еңбегінің арқасында әзірленіп, жарияланған.

Time Out тұжырымы бойынша 2024 жылы әлемдегі ең үздік қалалар тізімі мынадай:

  1. Нью-Йорк
  2. Кейптаун
  3. Берлин
  4. Лондон
  5. Мадрид
  6. Мехико
  7. Ливерпуль
  8. Токио
  9. Рим
  10. Порту, Португалия
  11. Париж
  12. Мумбай
  13. Лиссабон
  14. Чикаго
  15. Манчестер
  16. Сан-Паулу, Бразилия
  17. Лос-Анджелес
  18. Амстердам
  19. Лагос
  20. Мельбурн
  21. Неаполь
  22. Сингапур
  23. Майами
  24. Бангкок
  25. Лима, Перу
  26. Будапешт
  27. Бейжің
  28. Дубай
  29. Монреаль
  30. Глазго
  31. Сидней
  32. Буэнос-Айрес
  33. Куала-Лумпур, Малайзия
  34. Манила, Филиппины
  35. Сеул
  36. Ханой, Вьетнам
  37. Сан-Франциско
  38. Барселона
  39. Абу-Даби
  40. Жаңа Орлеан
  41. Филадельфия
  42. Остин
  43. Бостон
  44. Аккра, Гана
  45. Марсель
  46. Тайбэй
  47. Ыстамбұл
  48. Осака
  49. Гонконг
  50. Ванкувер

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!