Таиланд вакцина салдырған туристер үшін тағы үш аралын ашады

Таиландтың тағы үш аралы туристер үшін Пхукеттегідей "құмсалғыш" жүйесі бойынша ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom басылымына сілтеме жасап.

15 шілдеден бастап Самуи, Тао және Панганг шетелдік саяхатшыларды қабылдауға дайын. Бұл туралы Таиландтың Туризм министрлігінің порталында жарияланған халықаралық туризмді қалпына келтіру жоспарында жазылды.

Сондай-ақ, маусымның соңында шетелдік қонақтар үшін ашылатын аумақтарға кіру шарттары да көрсетілген. "Туристік құмсалғыш" жобасына сәйкес, аралдарға 66 елден туристер кіре алады. Алайда, олар бірқатар талапты орындауы керек. Атап айтқанда, Таиланд Сыртқы істер министрлігінен алдын ала рұқсат алуы (Certificate of Entry), теріс ПТР-тестінің нәтижесін және ауырған жағдайда 100 000 долларға дейін сақтандыру сертификатын ұсынуы тиіс.

Бірақ ең бастысы ДДҰ немесе Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған дәрі-дәрмектердің бірімен вакциналау сертификаты болуы керек. Қазіргі уақытта қазақстандық, ресейлік вакцинаның ешқайсысы бұл талапты қанағаттандырмайды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!