Таиланд туристер үшін жаңа салық енгізуді кейінге қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таиланд билігі "туристік салықты" енгізу күнін маусымға дейін кейінге қалдырылды. Бұл туралы Таиландтың туризм және спорт министрі Фипат Ратчакитпракарн мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тhe Nation Thailand басылымына сілтеме жасап.

Салық кешіктірілсе де, индустрия өкілдерінің одан бас тартуға шақырғанына қарамастан енгізуге ниетті. Пандемия салдарымен күресіп жатқан Таиландтың туроператорлары 300 бат (шамамен 4 000 теңге) жинау саяхатшыларды "қорқытады" деп алаңдайды. Бұған дейін салық 1 сәуірден бастап күшіне енеді деп жоспарланған болатын.

Туризм және спорт министрінің мәліметінше, оның ведомствосы бейінді мемлекеттік органдармен жоспардың егжей-тегжейін пысықтап жатыр. Содан кейін ол министрлер кабинетінің бекітуіне ұсынылады. Мақұлданғаннан кейін шаралар 90 күннен кейін күшіне енеді. Фипат Ратчакитпракарн кіру жарнасы 2019 жылғы ұлттық туризм саясатына сәйкес келетінін және бірінші кезеңде оны әуе арқылы келген туристерге қолдана бастайтынын түсіндірді.

Сондай-ақ, министрлік жер мен су көлігі арқылы келгендерге салық салу әдістерін әзірлеп жатыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel