Нұр-Сұлтаннан Абу-Дабиге жаңа рейс іске қосылды

2022 жылдың 14 ақпанда Wizz Air Abu Dhabi әуекомпаниясы Нұр-Сұлтаннан Абу-Дабиге рейстер орындай бастайды. Бұл туралы елордалық әуежайдың әлеуметтік желідегі аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі

Абу-Дабиден ұшақтар Қазақстан астанасына аптасына екі рет (дүйсенбі және жұма) ұшатын болады. Әуебилеттерді әуекомпанияның ресми сайтынан және туристік агрегаторлардан алуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӘУЕЖАЙЫ (@nqz_airport)

Сонымен қатар, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың 8 ақпанынан бастап Wizz Air Абу-Дабиден Алматыға рейстерді қайта жандандырды. Әуебайланыс 2022 жылдың 5 қаңтарында тоқтаған еді, оған себеп Қазақстанда ТЖ жағдайының енгізілуі. 

Енді, 2022 жылдың 15 қаңтардағы мәліметіне сәйкес, БАӘ және Қазақстан арасындағы ұшақтар аптасына 47 рет ұшады. Нұр-Сұлтаннан, Алматыдан, Ақтаудан және Шымкенттен Дубайға, Абу-Дабиге және Шарджаға. 

Нұр-Сұлтан - Дубай - аптасына 14 рет;
Нұр-Сұлтан - Абу-Даби - аптасына 2 рет;
Алматы - Дубай - аптасына 20 рет;
Алматы - Абу-Даби - аптасына 2 рет;
Алматы - Шарджа - аптасына үш рет;
Нұр-Сұлтан - Шарджа - аптасына екі рет;
Ақтау - Дубай - аптасына екі рет;
Шымкент - Дубай - аптасына екі рет.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.