Таиланд шетелдік туристерден арнайы жарна жинамақ

Таиланд үкіметі 2022 жылдың қаңтарынан бастап шетелдік туристерге алым енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Алым мөлшері 300 бат (4110 теңге) болады. Бұл туралы Bangkok Post газеті Таиландтың туризм және спорт министрі Пипат Ратчакитпраканға сілтеме жасап жазды.

Оның айтуынша, қаражат төтенше жағдай кезінде пайдалану үшін туристік қорға түседі. Бұл шара коронавирустың таралуы салдарынан қолға алынды. Министр қордан алынған ақша туристік салаға болашақтағы күтпеген кедергілерді жеңуге көмектесетінін атап өтті.

Ратчакитпракан егер Таиланд 2022 жылы 20,8 миллион турист тарта алса, қор 6,2 миллиард батқа (14 миллиардтан астам рубль) толықтырылатынын айтты. Алайда, биыл үкімет елге тек 3-4 миллион саяхатшыны тартуды жоспарлап отыр.