Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Шымкент пен Түркістаннан Ыстамбұлға рейстер 22 мамырдан бастап ашылады


Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент – Ыстамбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

​"Turkish Airlines" әуе компаниясы 2021 жылғы 22 мамырдан бастап Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады", - делінген ИИДМ хабарламасында.

Ал түріктердің "Pegasus Airlines" әуе тасымалдаушысы 2021 жылғы 23 мамырдан бастап Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.

Ведомствоның мәліметінше, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай рейстер санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр. Рейстер санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Осыған ұқсас мақалалар

Өзбекстанда Түркі кеңесі ұйымындағы әуе рейстерінің жұмысын жалғастыру мәселесі талқыланды Өзбекстанда Түркі кеңесі ұйымындағы әуе рейстерінің жұмысын жалғастыру мәселесі талқыланды
Түркияда 1 шілдеден бастап комендант сағаты тоқтатылады Түркияда 1 шілдеден бастап комендант сағаты тоқтатылады
IATA өкілдері азаматтық авиацияны қай елдер тез қалпына келтіретінін айтты IATA өкілдері азаматтық авиацияны қай елдер тез қалпына келтіретінін айтты