СІМ өкілі Таиландта ұсталған қазақстандыққа қандай айып тағылғанын айтты

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстан азаматы Таиландта ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров таяуда шетелдік БАҚ жазған ер адам расымен Қазақстан азаматы екенін айтты.

"Біз мәлімет сұрадық, тай билігі растады, қазіргі уақытта оның кім екені анықталды. Ол расымен Қазақстан азаматы. Таиланд полициясы оны 45 тәулікке жапты. Бүгінде бұл азаматқа визалық режимді бұзды деген айып тағылды. Ол белгіленген мерзімнен төрт күн асып кеткен. Басқа мәлімет жоқ. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі осы мәселені бақылауда ұстап, Таиланд құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста", - деді ведомство өкілі.

Аталған азаматтың ресейліктің өміріне қауіп төндірді ме деген нақтылау сұрағына Айбек Смадияров СІМ-ге мұндай ақпарат түспегенін айтты.

Осыған дейін Пхукет әуежайында адам өлтіруге оқталған Қазақстан азаматы ұсталғаны айтылды. Тайлық БАҚ жазғандай, ол мопедпен келіп көліктің алдыңғы терезесіне бірнеше оқ атқан, онда Ресейден келген кәсіпкер отырған. Дәрігерлер ресейлікті аман алып қалды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!