Сомалиде қонақүйге лаңкестік шабуыл жасалды: 9 адам қаза тапты

Сомали астанасы Могадишо қаласында жағалауда орналасқан қонақүйге лаңкестік шабуыл салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қаза тапқандардың арасында - алты бейбіт тұрғын және үш қауіпсіздік күштері қызметкері бар. Қонақүйге шабуылдаған жеті лаңкестің көзі жойылған. 84 адам құтқарылды.

Таяуда жиһанкез-блогер Экси Элфорд Сомалиге сапары жайлы баяндаған. Қыздың айтуынша, бұл елде туристерге өте қауіпті. Елдің кейбір аймақтарында брондалған көлікпен жүруге тура келеді екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!