Қызыл теңізде туристер мінген яхта өртенді: үш адам із-түзсіз жоғалып кетті

Қызыл теңіз жағалауында Мысырдың Марса-Алам курортты аймағында туристер мінген яхта өртенді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Болжаммен кеменің машина бөлігінде қысқа тұйықталудың салдарынан өрт шыққан. Яхтада Ұлыбританияның 15 азаматы және 10 экипаж мүшесі және екі гид болған. Ұлыбританияның үш азаматы із-түзсіз жоғалып кетті. Оларды іздеу жұмыстары басталды.

"12 турист, экипаж мүшелері және гидтер құтқарылды, үш адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Қызыл теңіз провинциясы әкімшілігінің өкілдері.

Катер туристерді су астына сүңгитін аймаққа апара жатқан. Өрт шыққан кезде қайық шамамамен Марса-Алам курортынан 25 шақырым жерде болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!