Шри-Ланка туристер үшін кіру шарттарын өзгертті

Шри-Ланкаға кіру ережелері өзгерді. Енді барлық турист екі апталық карантиннен өтуі керек. Өзгерістер туралы ақпаратты Шри-Ланка Денсаулық сақтау министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Бұған дейін COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған туристер карантиннен босатылуы мүмкін деп хабарланған болатын. Енді әр турист екі апта бойы сертификатталған 1 деңгейлі қонақүйлерде карантинде болуы керек. Құжатқа сәйкес, жаңа ережелер 11-31 мамыр аралығында қолданылады.

Сондай-ақ ережеде екі жастан асқан қонақтарға кіру үшін ПТР-тестінің анықтамасы қажет делінген. Содан кейін елге келгеннен кейін 11-14 күннен соң тағы бір тест жасау керек. Бұл жағдайда талдауды 12 жастан бастап барлық келуші елге келген күні де тапсыруы керек.

Туристер сертификатталған қонақүйден тек 14 күн карантиннен кейін және COVID-19 сынақтарының теріс нәтижесі болған жағдайда кете алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!