АҚШ-та туристік орындарда коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ

Нью-Йорк билігі мегаполистегі танымал туристік орындарға келетін қонақтарға вакцина салуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Travel and Leisure сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың 16 жастан асқан тұрғындары, олар жай саяхатшы болса да вакцина салдыра алады. Бұрын тек қалада тұратын және жұмыс істейтін адамдар екпе егуге өтініш бере алатын. Енді кез келген адам вакцина салдыра алады.

Мобильді вакцинация пункттері, бірнеше жерде: Таймс-Сквер алаңында, Жоғары Парк пен Орталық саябақта ашылады.

Нью-Йорк туристерге вакцина ұсынған бірінші орын емес. Келесі айда Аляскаға келген саяхатшылар да вакцина салдыра алады.