Шри-Ланка турист қабылдауды тоқтатады

Шри-Ланка коронавирус жағдайына байланысты шетелдік туристердің келуін он күнге тоқтатты. Бұл туралы РИА Новости елдің азаматтық авиация басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, Шри-Ланкадағы барлық халықаралық әуежайға жолаушыларды қабылдауға тыйым салынды. Шектеу жергілікті уақыт бойынша 21 мамыр түн ортасынан 31 мамыр түн ортасына дейін жалғасады. Билік бұл шешімді елдегі COVID-19 жағдайын бақылау мақсатында шығарып отыр.

Дегенмен, ұшып келгеннен кейін 12 сағаттан кешікпей ұшып кететін транзиттік жолаушыларға, халықаралық рейстердің ұшуына, сондай-ақ жүк және гуманитарлық рейстердің келуіна бұл шара қолданылмайды.

Айта кетейік, Шри-Ланкада коронавирус пандемиясының үшінші толқыны жүріп жатыр. Қазір елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 144 мыңнан асты.