Шаңғышы 15 метр биіктіктен құлаған сәті видеоға түсірілген

Америкалық турист 15 метр биіктіктен құлап, таңғажайып жағдайда аман қалды. Сөз экстремал-шаңғышы туралы болмақ: ол өзінің құлаған сәтін видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қауіпті секірудің видеосын TikTok желісінде Рид О'Брайен есімді шаңғышы жариялады. Оның айтуынша, видео Еуропаның тау-шаңғы трассаларының бірінде түсірілген.

"50-фут жартастан құлау осылай болады... Менің досым маған осыны жіберіп, былай деді: "Олар Еуропадағы жартастарды белгілемейтін көрінеді".

Ол құлаған кезде тасқа түсуі мүмкін еді, егер ол секіріп қалмағанда жағдай тым басқаша болар еді", - деп жазды О'Брайен.

@icouldskithat This is what accidentally falling off a 50 foot cliff looks like… my friend sent me this and goes “apparently they dont mark cliffs in europe” LOOK how close he is to landing on the rock below, if he hadnt half-jumped it could have gone baddddddly #ski #skitok #skiing #snow #fyp #powder #skicrash #gopro #gopromax ♬ original sound - Reid O’Brien

Желіде видеоны тамашалағандар таңғалысын жасырмады. Кейбіреулер оның экстремалды әрекетін құптамады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!