Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Римде Цезарь өлтірілген орын туристер үшін ашылады


Цезарьдың өлтірілген орны Римдегі көрнекті орынға айналады. Туристік орын көпшілікке 2022 жылы таныстырылады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Frommers.com басылымына сілтеме жасап.

Біздің дәуірімізге дейінгі IV және II ғасырлардағы төрт пұтқа табынушы ғибадатханалардың қирандылары мен б. з. д. 44 жылы 15 наурызда Юлий Цезарь пышақталған Помпен куриясы орналасқан Сакра алаңы қазір бос жер болып тұр. Бұл қирандылар 1920 жылы Бенито Муссолинидің бұйрығымен ортағасырлық барлық ғимарат қиратылғаннан кейін табылды. Оларға жақындауға тыйым салынды, тек көшеден көруге болады. Көп ұзамай бұл жерді мысықтар паналады. Қазір коммерциялық емес баспаналардың қызметкерлері оларға қамқорлық жасайды. Ал туристер мысықтарды суретке түсіреді.

France24 мәліметінше, Рим мэрі Вирджиния Рагги Сакра алаңы ашық аспан астындағы мұражайға айналатынын айтқан. Жөндеу жұмыстары биыл мамырдың ортасында басталады және бір жылға созылады деп күтілуде. Нәтижесінде Помпейдің орны тазаланады, оған кіріп-шығатын заманауи кіреберіс болады. Ол диодты жарықтандыру аспаптарымен жарықтандырылып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болады.




Осыған ұқсас мақалалар

Ресейлік ұшқыш сүйіктісіне тосынсый үшін ұрлаған ұшақпен апатқа ұшырады Ресейлік ұшқыш сүйіктісіне тосынсый үшін ұрлаған ұшақпен апатқа ұшырады
Абу-Даби туристері жүк пен ПТР-тестін үйден тапсыра алады Абу-Даби туристері жүк пен ПТР-тестін үйден тапсыра алады
Испаниялық курорт демалыста COVID-19 жұқтырған туристердің шығынын өтейді Испаниялық курорт демалыста COVID-19 жұқтырған туристердің шығынын өтейді