Қонақүйде туристерден жасырылатын құпиялар айтылды

Сарапшылар қонақүй бизнесінің негізгі құпияларын атады. Олар тек қонақүй қызметкерлеріне белгілі. Бұл туралы "Тонкости туризма" сайты жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Көптеген брондау қызметі бронды келу уақытынан бір күн бұрын жойғанға комиссия алады. Бұл жағдайда сарапшылар қонақүйге қоңырау шалуға кеңес береді, сонда брондауды ақысыз алып тастайды немесе бірнеше күнге ауыстырады. Осылайша онлайн режимде резервтен тегін бас тартуға болады.

Сонымен қатар, қонақтарға бөлмелердегі тазалыққа мұқият болуға кеңес берілді. Сарапшылардың пікірінше, қонақүйлердегі төсек жапқыштары, көрпелер мен жастықтар өте сирек жуылады. Сондай-ақ, қонақүйде жиі кездесетін жағдай - қонақтардың есірткінің артық дозасынан қайтыс болуы.

"Бір жаңа қызметші төсек жапқышында қанның ізін байқап, бұл туралы тәжірибелі әріптесіне айтқан. Бірақ ол "алаңдамауға" және дақты сумен жууға кеңес берген", - делінген мақалада.

Сондай-ақ, қонақүйлер қылмыстық хаттамаларда іс жүзінде көрсетілмейтіні атап өтілді. Бұл қонақүйлердің жергілікті муниципалды қызметтермен "қонақүй оқиғаларын" баспасөзге арналған қылмыстық ақпараттан алып тастау туралы келісімдердің болуына байланысты аталмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!