Ресей қазақстандықтар үшін кіру ережелерін өзгертті

2021 жылғы 10 шілдеден бастап Ресей Федерациясының мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсету қажет, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ресей Федерациясының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, шекарадан өтуге ниет білдірген адам смартфонына "COVID-19-сыз саяхат" қосымшасын жүктеп, қосымшада көрсетілген тізімнен ең жақын зертхананы таңдауы керек. Содан кейін ПТР-тестін тапсырып, оның нәтижесін алғаннан кейін, саяхатшы нәтиженің QR-кодын сканерлеп (кодты зертхана шығарады), оны "Тест" бөліміне жүктеуі керек.

Шекарадан өткен кезде нәтижені Шекара қызметінің қызметкерлеріне көрсету керек.

Талдау Ресей Федерациясының аумағына келгенге дейін 72 сағаттан бұрын жасалуы тиіс. Қазақстандықтарға бұл қосымша маусым айының басынан бастап қолжетімді болды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!