Португалияда Үндістаннан келген жүкті әйелге көмек көрсетілмегендіктен қайтыс болды

Португалияда Үндістаннан келген жүкті әйел қайтыс болды, оған медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігіне байланысты көмек көрсетуден бас тартқан, - деп хабарлайды BBC News.

34 жастағы әйел Лиссабондағы ірі ауруханалардың біріне барып, көмек сұраған. Алайда оны ауруханаға жатқызбаған, себебі босандыру бөлмесінде орын болмаған. Саяхатшыны басқа клиникаға жіберген, алайда тасымалдау кезінде оның жүрегі тоқтап қалған. 

Әйелге жедел түрде кесар тілігін жасап, баланы аман алып қалған. Осы оқиғадан соң бірнеше сағат өткенде Португалияның Денсаулық сақтау министрі Марта Темидо отставкаға кетті. Оның жұмыстан кетуіне медицина саласын кризистік жағдайдан шығара алмауы себеп болған. Кейінгі уақытта елде гинекологтар мен акушерлер жетіспеушілігі байқалады.