Камчаткада төрт турист қайтыс болды

Камчаткада төрт турист қайтыс болды, олар Ключевский шоқысына шығуы керек болған. Бұл туралы lenta.ru порталы "112" Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды. 

Канал мәліметінше, 12 адамнан тұратын туристер тобы Камчаткаға аттанған. Шоқыға шығу кезінде төртеуі 4158 метр биіктіктен құлап кетіп, қаза тапқан. 

Тағы үш адам зардап шеккен. Оқиға орнына ТЖМ тікұшағы жөнелтілген. 

Биік шыңды бағындырмақ болған альпинистер Новосібір қаласынан келгені белгілі болды. ТЖМ олардың тізімін жариялады.

1. Алабугин Иван, 1992
2. Мищенко Андрей, 1981
3. Семеничев Павел, 1984
4. Соловьёв Максим, 1988
5. Киприянов Андрей, 1996
6. Аверин Роман, 1979
7. Косюк Екатерина, 1994
8. Гутор Андрей, 1987
9. Жиловачик Александр, 1991
10. Сорокин Евгений, 1984
11. Усачёва Анастасия, 1987
12. Михайловский Игорь, 1976.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!