Пингвин жұмыртқалаған сәттің видеосы жарияланды

Украиналық поляршылар ерекше видео жариялады, онда субантарктикалық пингвиннің балапаны дүние келу сәті видеоға түсірілген. Бұл видео Ұлттық антарктикалық ғылыми орталықтың Facebook және Instagram желісінде жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

"Сіздер үшін керемет видео түсірдік! Онда біздің "Академик Вернадский" станциясының маңында субантарктикалық пингвиннің жұмыртқалағанын көруге болады", - делінген видеоның сипаттамасында.

Пингвиннің жұмыртқаның қабығын жарып шығу процесі бірнеше сағатқа созылатыны айтылады, сол себепті мамандар оны үзіп үзіп түсіріп, монтаждаған.