Өзбекстанда қазақстандық туристер қанша қаражат жұмсайтыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның туризм және мәдени мұра министрлігінің өкілдері шетелден келген туристердің қанша қаражат жұмсайтынын есептеді. Соның ішінде қазақстандықтардың да шығындары есептелген, - деп хабарлайды Podrobno.uz.


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның туризм және мәдени мұра министрлігінің өкілдері шетелден келген туристердің қанша қаражат жұмсайтынын есептеді. Соның ішінде қазақстандықтардың да шығындары есептелген, - деп хабарлайды Podrobno.uz.

Осылайша, Қазақстаннан барған туристер сапар кезінде шамамен 158,3 доллар (72 345 теңге) жұмсайды екен, ал Түркіменстан - 104,6 доллар (47 800 теңге), Қырғызстан - 99,3 доллар (45 380 теңге), Тәжікстан - 60,4 доллар (27 600 теңге) көрсеткіші осындай. Бұл негізінен осы елдерден келетін туристердің Өзбекстанда аз уақыт болуымен тікелей байланысты болса керек. 

Ресей, Украина, Беларусь және Армениядан келетін туристер сапар барысында шамамен 635 доллар (290 195 теңге) жұмсайды екен. 

Өзбекстан туризм министрлігінің есебі бойынша, алыс шетелден келгендер саяхат барысында көбірек жұмсайды - орташа есеппен 709,4 доллар (324 195 теңге).

Айта кетейік, осыған дейін 2022 жылы наурызда Өзбекстанға сапарлаған саяхатшылар арасында қазақстандықтар үздік үштікке енді. Олардың үлесі - 18,9 пайыз. 

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная